русский язык

«Қайсар» сапына тәжірибелі қақпашы қосылды

«Қайсар» сапына тәжірибелі қақпашы қосылды

Қызылордалық «Қайсар» 37 жасар қақпашы Арам Айрапетянды құрамына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Арам Айрапетян өзінің мансабында «Сочи», «Кузбасс», «Смена», «Бананц», «Арарат», «Урарту», «Пайкан» және «Мақтаарал» клубтарында өнер көрсеткен.

Ол сондай-ақ Армения құрамасында 16 матч өткізген.

Қазақстандық жанкүйерлерге Айрапетян «Атырау» клубында 2021-2022 жылдар аралығында ойнымен танымал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;