русский язык
ММА

ВИДЕО. Абзалиев пен Сантос NAIZA 62 турниріндегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

ВИДЕО. Абзалиев пен Сантос NAIZA 62 турниріндегі жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық ММА лигасы Naiza Ақтауда NAIZA 62 халықаралық турнирін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы титулды жекпе-жек өтеді. Лига чемпионы Олжас Абзалиев (3-0, 1 SUB, 1 техникалық нокаут) бразилиялық Марсио Сантоспен (19-8-1, 14 SUB, 2 КО/ТКО) жұдырықтасады. Бұған дейін NAIZA 57 турнирінде Айболат Мұратұланы мерзімінен бұрын жеңген Марсио чемпионды жекпе-жекке шақырған болатын.

Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы лиганың уақытша титулы үшін жекпе-жек өтеді. Қырғызстандық Каныбек Жаныбек уулу украиналық Даниэль Донченкомен белбеуді сарапқа салады.

Турнир NAIZA TV платформасында ақылы көрсетіледі. ММА кешінің жекпе-жектерін Sport+ Qazaqstan арнасынан тегін көруге болады.

Айта кетейік, турнир Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;