русский язык
ММА

TK Fight Night турниріндегі Абдурозиктің өзбек блогерімен жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

TK Fight Night турниріндегі Абдурозиктің өзбек блогерімен жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Social Knockout промоушені тәжікстандық әнші Абдурозик пен өзбекстандық блогер Эрали Бойкобилов арасында жекпе-жек өтетінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 6 шілдеде Дубайда, Coca-Cola Arena-да өтеді. Еске сала кетейік, танымал ресейлік блогер Хасбулла Магомедовпен (Хасбик) жанжалдан кейін Абдурозикте көп жанкүйер пайда болды.

Абдурозик өз елінде поп-музыка орындаушысы ретінде танымал болды: оның ең танымал хиті Pyar YouTube-та 36 миллион рет тыңдалған.

Эрали – аса танымал емес. Бойкобиловтың Instagram-да 1,5 миллион жазылушысы бар, ал Абдурозикте - 8,3 миллион. Эрали бокспен айналысады және спортшылармен араласады, ол кейбіреулердің секунданты да болған.

Трансляция Астана уақытымен 19:00-де басталады. Жекпе-жекті QArena телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;