Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы спарринг өткізді
![Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы спарринг өткізді](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/201736_715496e33354e5a4bd37119d01ea576f.webp?v=1720255989856?v=28686384)
Жеңіліп көрмеген жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) қарсы жекпе-жек алдында Instagram желісінде жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бейнежазбада боксшының жекпе-жек алдындағы спарринг даярлығы көрсетілген.
Айта кетейік, әлем чемпионы белбеуі сарапқа салынатын жекпе-жек 14 шілдеде Американың Лас-Вегас қаласында өтеді.