русский язык

Лига кубогы: 2-тур матчтарының тікелей трансляциясы

Лига кубогы: 2-тур матчтарының тікелей трансляциясы

Бүгін Қазақстанда футболдан жаңа турнир - QFL лига кубогының үш ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесулердің тікелей трансляциясын Qfl.kz, Q Football және Q Arena сайттарынан көруге болады. (Астана уақыты көрсетілген).

«Тобыл» - «Ақтөбе» (18:00)

«Қайсар» - «Жеңіс» (20:00)

«Ордабасы» - «Елімай» (20:00)

Айта кетейік, турнирге 16 клуб қатысады, оның 13-і Премьер-Лиганың (ҚПЛ) намысын қорғайды, тағы үш команда бірінші лигадан келеді. Лигадағы өкілдік бойынша дәл осындай қатынас Қазақстан Кубогында болды, бірақ мұнда құрам біршама өзгертілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;