русский язык

Нұралы Әліптің командасы өз алаңында аргентиналық команданы жеңді

Нұралы Әліптің командасы өз алаңында аргентиналық команданы жеңді

Санкт-Петербургтік «Зенит» RPL Summer Cup халықаралық жолдастық турнирі аясында аргентиналық «Тальереспен» ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Санкт-Петербургтегі (Ресей) «Газпром Арена» стадионында өтіп, 1:0 есебімен «Зенит» жеңіске жетті. 65-минутта ресейлік клубтың бразилиялық жартылай қорғаушысы Густаво Мантуан пенальтиді орындады.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп алаңға 46-минутта шықты.

Айта кетейік, бұл матч «Зенит» үшін тарихи болды «көк-ақ-көктер» алғаш рет Аргентина командасымен ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;