русский язык
Әлем футболы

Роналду Еуромен қоштасты. Франция құрамасы жартылай финалға шықты

Роналду Еуромен қоштасты. Франция құрамасы жартылай финалға шықты

Франция құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды «Екінші Тайм».

Еуро-2024 ширек финалы аясында Португалия мен Франция құрамалары кездесті.

Матчтың негізгі уақытында есеп ашылмады – 0:0. Португалия сапында Бруну Фернандеш пен Витиньоның, Францияда Рандаль Коло-Муани мен Эдуардо Камавинганың мүмкіндіктері болды, бірақ ешкім оны пайдалана алмады.

Овертаймда да гол соғылмады. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл тұста француздар дәлдік танытты. Португалия сапында Жоау Феликс пенальтиден мүлт кетті – доп қақпа бағанасына тиді.

Осылайша, Криштиану Роналду үшін Еуропа чемпионаты аяқталды.

Франция құрамасының жартылай финалдағы қарсыласы Испания болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;