«Астана» шабандозы «Тур де Франс» 7-кезеңінде 34-орын алды
![«Астана» шабандозы «Тур де Франс» 7-кезеңінде 34-орын алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/472_3113504f0a9846ec1205dcd947151f62.webp?v=28686623)
Бүгін «Тур де Франс» веложарысының 7-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезеңнің жеңімпазы Soudal Quick-Step командасының бельгиялық шабандозы Ремко Эвенепул атанды.
«Астана» сапында үздік нәтижені Алексей Луценко көрсетті. Ол мәреге 34-болып жетті.
«Тур де Франс». 7-кезең. Nuits-Saint-Georges - Gevrey-Chambertin (25,3 км)
1. Ремко Эвенепул (Soudal Quick-Step) - 0:28:52
2. Тадей Погачар (UAE Team Emirates) - +0:12
3. Примож Роглич (Red Bull - BORA - hansgrohe) - +0:34
...34. Алексей Луценко («Астана») - +2:13