русский язык
Басқа

Әртістік жүзуден әлем кубогі: Қазақстан кезекті жүлдеге қол жеткізді

Әртістік жүзуден әлем кубогі: Қазақстан кезекті жүлдеге қол жеткізді

Әртістік жүзуден Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің финалында Қазақстан қоржыны күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аралас жұптық сында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы күміс медаль еншіледі. Олар 139.7150 ұпай жинаған.

Алтын медаль Испания, қола жүлде Италия спортшыларына бұйырды.

Айта кетелік, Ким мен Болатова жұбы биылғы маусымдағы кубоктік кезеңдерде бірнеше рет жүлдеге ілігіп, әлем чемпионатында топ жарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;