Дзюдодан Қазақстан құрамасы Испанияда оқу-жаттығу жиынына қатысуда
![Дзюдодан Қазақстан құрамасы Испанияда оқу-жаттығу жиынына қатысуда](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/201131_324776d7831e6dce4ae5295955b32f54.jpg?v=28702581)
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Испанияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп жазады Olympic.kz.
Қазіргі таңда Нұрбол Сүлейменов шәкірттері соңғы дайындықтарын пысықтауда. Содан соң дзюдошылар Францияны бетке алады.
Еске сала кетейік, дзюдодан Қазақстан командасынан 8 спортшы Олимпиадаға қатысады.
Олар: Елдос Сметов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархарн (100 келі), Абиб Әбужақынова (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Камила Берліқаш (+78 келі).