Грузиялық миллиардер футболшылардың тарихи жетістігі үшін ақшалай сыйақы береді
![Грузиялық миллиардер футболшылардың тарихи жетістігі үшін ақшалай сыйақы береді](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201131_3e4e6b370c96fd51cb64283cbff9b2a8.webp?v=28673838)
Грузияның бұрынғы премьер-министрі Бидзина Иванишвили футболдан Грузия ұлттық құрамасы Еуро-2024 топтық турнирінде Португалияны жеңіп, Еуропа чемпионатының 1/8 финалына шыққаны үшін футболшыларға 30 миллион лари (шамамен 5 миллиард теңге) сыйақы береді.
Грузияның бұрынғы премьер-министрі ұлттық құрамаға құттықтау жеделхатын жолдады. Онда ол жақын арада Грузия құрамасына 30 миллион лари (10 миллион АҚШ доллары) берілетінін жазған.
Сонымен қатар, миллиардер плей-оффта Испания құрамасын жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне шыққан жағдайда футболшыларға қосымша 10 миллион еуроны табыстайтынын уәде етіп отыр.