ACA турнирі: Артем Резниковтың жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
![ACA турнирі: Артем Резниковтың жекпе-жегінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/203991_a05005ec8cb95efd40bb07c7e86e688a.jpg?v=28672534)
Жұма, 28 маусымда қазақстандық файтер Артем Резников (24-8) Сочиде (Ресей) аралас жекпе-жектен ACA 177 турнирінде өнер көрсетіп, ресейлік Мұхамед Коковпен (19-9) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 17:20-да басталады. Жекпе-жектерді ACA ресми сайтында, сондай-ақ SPORT+ телеарнасынан көре аласыз.
Артем Резников соңғы жекпе-жегін желтоқсанда өткізді: ACA 168 турнирінде қазақстандық ресейлік Әли Баговтан (33-11) төртінші раундта ұтылды.
Мұхамед Коковтың ағымдағы жылдың ақпан айында ACA 170 турнирінде жекпе-жек өткізіп, жерлесі Дауд Шайхаевтан (16-4) ұтылып қалды.