«Ақтөбе» мен «Жетісу» экс-қорғаушысы «Шахтерге» оралды
![«Ақтөбе» мен «Жетісу» экс-қорғаушысы «Шахтерге» оралды](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/472_9cba551969e20e1f17fcc801142fd016.jpg?v=28670040)
Қазақстандық қорғаушы Ескендір Қыбырай карьерасын қарағандылық «Шахтерде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Қорғаушы қарағандылықтар құрамында 2021 жылы өнер көрсеткен еді.
Қыбырай маусымды «Жетісу» сапында бастап, бір ғана матч өткізді. 2022-2023 жылдары Ескендір «Ақтөбеде» ойнап, барлық турнирдегі 16 матчта үш гол соқты.
2021 жылы Қыбырай Қазақстан құрамасына шақырту алған еді, бірақ ақыры алаңға шықпаған болатын.