русский язык
Әлем футболы

Роналду 25 млн еуроға жер сатып алды

Роналду 25 млн еуроға жер сатып алды
news-banner7
mobile-news-top

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Дубайдағы (БАӘ) Джумейра Бэй аралынан жер учаскесін сатып алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл - жасанды арал. Роналду осы жерден 25 миллион еуроға учаске сатып алды. Болашақта ол отбасына арнап үй салмақ.

Аралды қаламен 300 метрлік көпір байланыстырып тұр. Жоспар бойынша Джумейра Бэй тек элиталы үйлер салынатын арал болады.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия құрамасы сапында Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатына қатысып жатыр. Топтық кезеңнің екі турынан соң Португалия алты ұпаймен плей-офф кезеңіне шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;