Қазақстандық теннисші Бад-Хомбургтегі турнирдің ширек финалына шықты
![Қазақстандық теннисші Бад-Хомбургтегі турнирдің ширек финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201736_b35d871193e986b516da31f05ec2a0b4.webp?v=1719221337028?v=28668645)
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бад-Хомбургтегі турнирдің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымдағы кездесуде Анна Данилина/Сю Й Ифан (Қытай) жұбы И.Хромачева (Ресей)/И Гамарра Мартинсті (Бразилия) ұтты.
Ойын 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.
Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.