Өзбекстандық файтер «қазақ сехудосын» жеңген спортшыға еш мүмкіндік қалдырмады
![Өзбекстандық файтер «қазақ сехудосын» жеңген спортшыға еш мүмкіндік қалдырмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201736_4d6b028bc7e7864ba0c7eb2294a7d727.webp?v=1719164873001?v=28668601)
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 59 турнирінде жеңіл салмақтағы жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақ сехудосын» жеңген бразилиялық файтер Клаудеси Брито (9-3) осы дивизионның чемпиондық титулына негізгі үміткерлердің бірі өзбекстандық Сухроббек Атажановпен (6-1) кездесті.
Сухроббек Атажанов екінші раундта бразилиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Өзбекстандық файтердің сенімді жеңісі қазақстандық Сүндет Айтқұлға қарсы чемпиондық жекпе-жекке тікелей жол ашты.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink