Қазақстандық файтер қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Видео
![Қазақстандық файтер қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Видео](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201736_9aa535ac01e4f0ddba37cd97e839f36c.webp?v=1719159229680?v=28672473)
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында OCTAGON 59 турнирінде басты кардттың алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қырғызстандық Эрбол Талантбек уулу (5-2) қазақстандық Қожахмет Иманғалимен (3-0) жекпе-жекте мықтыны анықтады.
Үшінші раундта Қожахмет Иманғали қырғыз файтерін техникалық нокаутпен жеңді.
Ивенттің басты жекпе-жегі аясында жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) күш сынасады.
Трансляцияны OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink