ММА турнирінің жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталды. Видео
![ММА турнирінің жекпе-жегі ауыр нокаутпен аяқталды. Видео](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201131_b479e227778ba522413a799dae270d6b.png?v=28668568)
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық жекпе-жек лигасының бірінші жазғы турнирі – OCTAGON 59 турнирінің үшінші жекпе-жегі өтті, Prosports.kz
Сегізбұрышта тәжікстандық Амриддин Хочиев пен қазақстандық Талғаи Халмурадов кездесіп, жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.
Қазақстандық файтер қарсыласын тіземен ауыр нокаутқа түсірді.
Аса жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық титулға басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.
Ивенттің басты жекпе-жегі аясында жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) күш сынасады.
Трансляцияны OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.
OCTAGON 59 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink