Алматыдағы OCTAGON 59 турнирінің тікелей трансляциясы
![Алматыдағы OCTAGON 59 турнирінің тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/472_bdd8e02a68ea83facb2a5d07f2a34d4a.jpg?v=28668564)
Бүгін, 23 маусымда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық жекпе-жек лигасының бірінші жазғы турнирі – OCTAGON 59 өтеді, Prosports.kz
Ұйымдастырушылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Бразилия, Бахрейн және Армения спортшыларының қатысуымен 14 жекпе-жек дайындады.
Аса жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық титулға басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.
Ивенттің басты жекпе-жегі аясында жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) күш сынасады.
Бұған дейін ресми салмақ өлшеу рәсімі және стердаун өтті:
Турнирдің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 17:00-ге жоспарланған. Трансляцияны OCTAGON TV промоушенінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.
OCTAGON 59 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink