русский язык
Басқа

Қазақ садақшылары әлем кубогі кезеңінде аралас сайыстан алғаш рет чемпион атанды

Қазақ садақшылары әлем кубогі кезеңінде аралас сайыстан алғаш рет чемпион атанды
news-banner7
mobile-news-top

Анталья (Түркия) қаласында садақ атудан өткен әлем кубогінің үшінші кезеңінде блоктық сайыс бойынша аралас жұптық бәсекеде Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова чемпион атанды.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, қазақстандық жұп финалда Ұлыбритания командасынан айласын асырды.

Аралас бәсекеде барлығы 24 елдің спортшылары бақ сынады. Италия садақшылары үздік үштікті түйіндеді.

садақшыФото: instagram.com/qaz_team_official

Қазақстандықтар соңғы бәсекеде Ұлыбританиядан 158:155 (39:39, 39:39, 40:38, 40:39) есебімен басым түсті. А.Тютюн әлемдік рейтингіде 19-ыншы, ал А.Жексенбинова 51-сатыда еді.

Ал ұлыбританиялықтар сапындағы әлем кубогінің 12 мәрте жүлдегері, екі дүркін Еуропа чемпионы Елла Гибсон рейтингіде көш бастаса, Эджей Скотт 75-орында тұрған.

Осылайша, қазақстандық дуэт әлем кубогі кезеңінде аралас бәсекеде алғаш рет топ жарды.

садақ атуФото: Спортты дамыту дирекциясы

Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова жұбы санаулы күн бұрын ғана Оңтүстік Кореяда өткен Азия кубогі кезеңінде қола жүлдеге ие болған еді.

Жалпы, Қазақстан блоктық садақ атудан өз тарихында әлем кубогының кезеңдерінде екінші рет жүлде алды.

садақ атуФото: Спортты дамыту дирекциясы

Бұған дейін сәуір айында әйелдер құрамасы командалық сайыста қола жүлдегер атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;