Сұлтан Заурбек мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек (16-0, 12 КО) Телфордта (Англия) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Заурбек WBA Continental титулы үшін аргентиналық Роман Рубен Рейносомен (22-4-2, 10 КО) кездесті. Бұл жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және он раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жекте Заурбек бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Оған дейін қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.
Осылайша қазақстандық кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Сұлтан кейінгі рет 1 наурызда Телфордта (Англия) жекпе-жек өткізіп, колумбиялық боксшы Виктор Хулионы (17-11, 9 КО) төршешілер шешімімен жеңген болатын.
Sultan Zaurbek drops Roman Ruben Reynoso 3 times in the first round to win the WBA Continental Championship in Bolton.
— Tokkerū (@ATokkers5) June 21, 2024
The Kazakh recently linked up with Manny Robles and looks like he can be a threat at world level over the next few years pic.twitter.com/KZRFi1Bxdg