Еуро-2024: Австрия құрамасы Польшаны жеңді
![Еуро-2024: Австрия құрамасы Польшаны жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/472_234e1ec964d899bb71ee754b00ee2589.webp?v=28669440)
21 маусымда Берлиндегі «Олимпиаштадионда» 2024 жылғы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-туры аясында Польша мен Австрия құрамалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын 3:1 есебімен австриялықтардың пайдасына аяқталды. Бұл кездесуде австриялықтар сапында Гернот Траунер (9-минут), Кристоф Баумгартнер (66-минут) және 78-минутта пенальтиден Марко Арнаутовичтен гол соқты.
Польша құрамасы сапында жалғыз голдың авторы Кшиштоф Пентек (30-минут) атанды.
Топтық кезеңнің соңғы матчтарында Австрия Франциямен, ал Польша Нидерландқа қарсы ойнайды. Екі ойын да 25 маусымда өтеді.