русский язык
Теннис

Рыбакинаның Берлиндегі турнирді не себепті жалғастырудан бас тартқаны белгілі болды

Рыбакинаның Берлиндегі турнирді не себепті жалғастырудан бас тартқаны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Берлинде (Германия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінен неге шығып қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Виктория Азаренкоға (19 WTA) қарсы матчты жалғастырудан бас тартты.

WTA баспасөз қызметі Елена іші ауырғандықтан Беларусь спортшысына қарсы кездесуден бас тартуға мәжбүр болғанын хабарлады.

Азаренко бірінші сетте 3:1 есебімен алға шыққанда, Рыбакина жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;