Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті жаттығу жиынын бастады
![Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті жаттығу жиынын бастады](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201131_607c70a96e594949e867cd3470df0001.png?v=28668001)
Елдос Сайдалин жаттықтыратын бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада қарсаңындағы маңызды жиындардың біріне кірісті, деп жазады Olympic.kz.
Ұлттық құрама спортшылары Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізуде.
Мұндағы дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін жалғасады.
Ал Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады.
Айта кетелік, Қазақстан әйелдер командасы Париж Олимпидасына үш жолдама жеңіп алды. Олар: Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибригаимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі).