русский язык
Басқа

Спорт министрі: Париж Олимпиадасына 80-85 жолдамамен барсақ деп отырмыз

Спорт министрі: Париж Олимпиадасына 80-85 жолдамамен барсақ деп отырмыз
news-banner7
mobile-news-top

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан спортшылары Парижде өтетін Олимпиада ойындарына ауыр атлетикадан бір де бір жолдама алмағанын айтты.

«Олимпиада – ең үлкен маңызды дода. Париждегі жарысқа 205 мемлекеттің 10,5 мың спортшысы 32 түрінен қатысады. Бүгінгі таңда бізде 22 спорт түрінен 78 лицензия бар. Өкінішке қарай, биыл әйелдер күресі мен ауыр атлетикадан лицензия ала алмадық», - деді ол.

Министр ең көп жолдама алған өңірлерді де атады.

«Өңірлерге келсек, ең үлкен үлес қосқан өзіміздің Алматы қаласы – 16 жолдама. Шымкент қаласынан – 12, Астана қаласынан – 9, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстарынан 5 жолдамадан бар. Әлі 4 рейтингілік-лицензиялық турнир бар. Жалпы жиыны 80-85 жолдама алып, Париж Олимпиадасына барамыз деп үміттенеміз», - деді Ермек Маржықпаев.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;