Елена Рыбакина Берлин жарысының жартылай финалынан тыс қалды
![Елена Рыбакина Берлин жарысының жартылай финалынан тыс қалды](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201131_c014cfed527e150f5b0b554ffac5edc2.webp?v=28667925)
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Берлин (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде кезінде көш бастаған, қазіргі кезде 19-орында тұрған Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен сынға түсті.
Қарсыластар осыған дейін төрт рет кездесіп, бәрінде Рыбакина жеңген еді. Соның ішінде биыл Майами WTA 1000 жарысының жартылай финалында 6:4, 0:6, 7:6 (7:2) есебімен ұтқан болатын.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Азаренко брейк жасай білді. Есеп 1:3 болған кезде Рыбакина медициналық көмекке жүгініп, матчты жалғастырудан бас тартты. Небәрі 20 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық спортшы 2 эйспен көзге түсті.
В.Азаренко финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, тағы бір белоруссиялық Арина Соболенко немесе рейтингіде 24-сатыдағы ресейлік Анна Калинскаяның қай жеңгенімен шеберлік таластырады.