Қазақстан әйелдер құрамасы жаттығу жиынын бастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕлдос Сайдалин жаттықтыратын бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада қарсаңындағы маңызды жиындардың біріне кірісті, деп жазады Olympic.kz.
Ұлттық құрама спортшылары Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізуде.
Мұндағы дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін жалғасады.
Ал Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады.
Айта кетелік, Қазақстан әйелдер командасы Париж Олимпидасына үш жолдама жеңіп алды. Олар: Назым Қызайбай (50 келі), Карина Ибригаимова (57 келі) және Валентина Хальзова (75 келі).