Шакири Зидан мен Роналдудың жетістігін қайталады
![Шакири Зидан мен Роналдудың жетістігін қайталады](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201736_696efd4b490b96631e59a7500ba583ce.webp?v=28671523)
Сәрсенбі, 19 маусым күні Швейцария құрамасы Еуро-2024 матчында Шотландиямен 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Швейцариялықтардың жалғыз голын Джердан Шакири соқты.
Opta мәліметінше, Шакири әлем чемпионатында 5+ гол және Еуропа чемпионатында 5+ гол соққан 7-ойыншы болды. Бұл көрсеткіш бойынша ол Мишель Платини, Юрген Клинсман, Зинедин Зидан, Тьерри Анри, Криштиану Роналду және Ромелу Лукаку жетістіктерін қайталады.