Қазақстандық төреші маусым соңына дейін шеттетілді
![Қазақстандық төреші маусым соңына дейін шеттетілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/472_dd5cecb5ad025b87fd24432d42993bb1.jpg?v=28666720)
Төрешілік-сараптамалық комиссия QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының 11-турындағы «Астана» мен «Ордабасы» командалары арасында тіркелген даулы эпизодты талқылады.
Төрешілік-сараптамалық комиссия бейнематериалдарға сүйене отырып, бірауыздан келесі шешімді қабылдады:
– Төреші Артем Кучиннің матчтың 34-минутында қарсыласын арқасынан итеріп жібергені үшін «Ордабасы» командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешімі қате деп танылсын.
Төрешілер комитетінің отырысында бір маусымда бір командаға қарсы жіберілген екі шешуші қателіктен кейін Премьер-лиганың төрешісі Артем Кучинді (Қарағанды) жылдың соңына дейін ҚФФ өткізетін барлық деңгейдегі матчтардан шеттету туралы шешім қабылданды.