Асу Алмабаев UFC-дегі келесі қарсыласы туралы айтты
![Асу Алмабаев UFC-дегі келесі қарсыласы туралы айтты](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201736_cf8fe4cde17193f4a961326811c5dcfe.webp?v=28666509)
Асу Алмабаев Лас-Вегастағы UFC турнирінен кейін өзі жекпе-жекке шақырған жаңа зеландиялық файтер Кай Кара-Франс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.
«Рекордым қазір 20-2. Көптеген мықты файтермен кездестім. Көп жылдар бойы жақсы деңгейде өнер көрсетіп келемін, сондықтан өз деңгейім ТОП-5 деп ойлаймын. Қажетті үш жекпе-жекті өткіздім. Бұл жекпе-жектерде қарсыластарыма еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңіске жеттім. Мақсатыма жақындап келемін», - деді Алмабаев.
Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC on ESPN 58 турнирінде америкалық Хосе Джонсонды жеңіп, үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Алмабаев жекпе-жекке шақырған жаңа зеландиялық Кай Кара-Франс жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде төртінші орында тұр.