Қазақстандық теннисші Халледегі турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады
![Қазақстандық теннисші Халледегі турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201736_a88109fa158083ca086d094eb01ab1d8.webp?v=1718565205220?v=28666462)
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов испаниялық Педро Мартинеспен бірге Халледе өтіп жатқан халықаралық турнирдің жұптық сынында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеудің финалдық кездесуінде Недовесов/Мартинес жұбы А.Оливетти (Франция)/Й.Бхамбри (Үндістан) жұбынан 5:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 46 минутқа созылды.