русский язык
Футбол

Тәжірибелі қорғаушы «Қайратқа» ауысуға жақын

Тәжірибелі қорғаушы «Қайратқа» ауысуға жақын
news-banner7
mobile-news-top

«Рубин» қорғаушысы Александр Мартынович мансабын «Қайратта» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық клуб 36 жастағы ойыншыға 1,5 жылға келісімшарт ұсынған.

Александр Мартынович 2010 жылдан 2022 жылға дейін «Краснодар» сапында ойнады, кейін «Рубинге» еркін агент ретінде ауысты. Өткен маусымда беларусьтік қорғаушы клуб сапында 22 кездесуде үш гол соққан.

Мартыновичтің «Рубинмен» келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша ойыншының нарықтық құны 250 мың еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;