русский язык
Бокс

Әлімханұлы жекпе-жекке шақырған боксшы Гвоздикті жеңді

Әлімханұлы жекпе-жекке шақырған боксшы Гвоздикті жеңді
news-banner7
mobile-news-top

16 маусымға қараған түні Лас-Вегаста бокс кеші өтіп, америкалық Дэвид Бенавидес пен украиналық Александр Гвоздык WBC тұжырымы бойынша уақытша жеңіл салмақтағы титулы үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен америкалықтың пайдасына аяқталды – 116-112, 117-111, 119-109.

Енді жеңілмеген Бенавидестің мансабында 29 жеңісі бар. Гвоздық 22 жекпе-жегінде екінші рет жеңіліске ұшырады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (15−0, 10 КО) Бенавидесті рингке шақырған еді.

Америкалық боксшы екі дүркін әлем чемпионы және орта және жартылай ауыр салмақтағы WBC уақытша белбеулерінің иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;