русский язык
Әлем футболы

Испания құрамасы Хорватияны ойсырата жеңді

Испания құрамасы Хорватияны ойсырата жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының екінші ойын күнінде Испания құрамасы Хорватияны ойсырата жеңді.

В тобында ойнайтын испаниялық футболшылар алғашқы кездесуінде жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 29-минутында испаниялық Альваро Морато есеп ашса, Фабиан Риус 32-минутта басымдықты арттырды. Ал 47-минутта Даниэль Карвахаль мергендік танытты.

Осылайша Испания қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, бүгін сағат 23:55-те аталған топта Италия мен Албания құрамалары кездеседі.

Айта кетсек, А тобында Венгрия құрамасы Швейцарияға 1:3 есебімен жол берді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;