русский язык

Қазақстандық клуб бапкерлік штабтағы өзгерістер туралы хабарлады

Қазақстандық клуб бапкерлік штабтағы өзгерістер туралы хабарлады
news-banner7
mobile-news-top

«Жеңіс» футбол клубының қақпашылар бапкері қызметіне тәжірибелі өзбек маманы Денис Иванков тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денис Александрович – бұрынғы совет және өзбек футболшысы. 1992 жылдан Өзбекстанның спорт шебері.

Ойыншы ретінде Өзбекстанның «Аралводстроевец», «Сохибкор», «Чирчик», «Пахтакор», «Нурафшон» және «Нефтчи» клубтарында өнер көрсеткен. Өзбекстанның екі дүркін чемпионы.

Бапкерлік мансабын 2004 жылы бастады. «Кимёгар», «Машал», «Пахтакор», «Насаф» (бәрі Өзбекстанда) және «Княжа» (Украина) футбол клубтарының жаттықтырушылар штабының мүшесі болды.

2018-2024 жылдары Өзбекстан ұлттық құрамасында қақпашылар бапкері қызметін атқарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;