русский язык

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы шетелдік клубпен келісімшартын ұзартты

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы шетелдік клубпен келісімшартын ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық шабуылшы Денис Митрофанов «Ислочь» клубымен келісімшартты 2025 жылдың соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Митрофанов «Ислочь» командасында екінші маусымын өткізіп жатыр. Өткен жылы ол екі жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Денис жоғарғы лигада 27 матч өткізіп, «гол+пас» жүйесі бойынша 10 ұпай (9+1) жинап, «Ислочь» клубының үздік сұрмергені атанды.

Шабуылшы тұрақты түрде Қазақстанның жастар құрамасына (U-21) шақырту алады, алайда маусым айындағы оқу-жаттығу жиындарын жарақатына байланысты өткізіп алды. Жақын арада шабуылшыға ота жасалады, содан кейін ол оңалту курсын өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;