русский язык
Әлем футболы

Англиялық клубтың қақпашысы 26 жасында кенеттен қайтыс болды

Англиялық клубтың қақпашысы 26 жасында кенеттен қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Черногория құрамасы мен «Миллуолл» клубының қақпашысы Матия Шаркич қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы Шаркич 15 маусымда Черногорияның Будва қаласындағы үйінде қайтыс болды.

Футболшы өлімінің нақты себептері белгісіз. Daily Mail мәліметінше, Шаркич сенбі күні таңертең өзін жайсыз сезінген. Ойыншының достары жедел жәрдем шақырғанымен, оны құтқара алмаған.

Қақпашы 5 маусым күні Бельгияға қарсы жолдастық кездесуде (0:2) Черногория құрамасы сапында өнер көрсетті. Шаркич ұлттық құрама сапында тоғыз ойын өткізген.

Шаркич өткен маусымда Чемпионшипте «Миллуолл» сапында 32 матч өткізді. Англияда «Вулверхэмптон», «Астон Вилла», «Бирмингем», «Сток Сити» және «Уиган» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;