русский язык

Қазақстанда өнер көрсеткен «Марадона» Еуропа клубының бас бапкері атанды

Қазақстанда өнер көрсеткен «Марадона» Еуропа клубының бас бапкері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Cafe del Montenegro мәліметінше, танымал черногориялық футболшы Игорь Бурзанович подгорицалық «Забело» клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

38 жастағы маман жас кезінде Черногория футболының тарихындағы ең талантты түлектерінің бірі болып саналып, «Бурзо Марадона» лақап атына ие болған. Бурзанович Черногория ұлттық құрамасында шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетті (2007/2008 – 8 матч, 2 гол, 2 нәтижелі пас), «Будучност», сербиялық «Црвена Звезда», жапониялық «Нагоя Грампус», таиландтық «Бурирам», қытайлық «Хунань Биллоуз», «Петровац», «Искра». 2014 жылы ҚПЛ-да павлодарлық «Ертіс» сапында өнер көрсетті.

Игорь Бурзанович бұған дейін туған жерінде «Слогта» (Стари Бар) бас бапкер қызметін атқарған. «Забело» қазір Черногория Екінші лигасында ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;