русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Тунисте өтіп жатқан ITF жұптық турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Григорий ресейлік Егор Агафоновпен жұптасып, Де Пеллегрини (Аргентина) – Скленка (Чехия) жұбын екі сетте 6:0, 6:3 есебімен жеңді.

Финалда қазақстандық-ресейлік жұп Сарайва дос Сантос (Бразилия) – ван Вык (Нидерланды) жұбымен кездеседі.

Айта кету керек, дәл осы бразилиялық ойыншымен Ломакин осы Тунисте өткен алдыңғы турнирді жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;