русский язык
Әлем футболы

ЕУРО-2024 ірі жеңіспен басталды

ЕУРО-2024 ірі жеңіспен басталды
news-banner7
mobile-news-top

Германия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының ашылу матчында Шотландияны тас-талқан етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

А тобындағы кездесу Мюнхенде өтті. Ойын 5:1 есебімен аяқталды. Неміс құрамасы сапында Флориан Виртц, Джамал Мусиала, Кай Хавертц, Никлас Фюллькруг пен Эмре Джан гол соқты. Ал Антонио Рюдигер ойын соңына қарай допты өз қақпасына тоғытып алып, Шотландия бір гол соққан.

Шотландия 44‑минуттан бері он футболшымен ойнады: қорғаушы Райан Портеус Илкай Гюндоганға қарсы дөрекі ойыны үшін алаңнан қуылды.

Енді топтық кезеңнің екінші турында Германия құрамасы венгриялықтармен кездеседі, ал Шотландия Швейцариямен күш сынасады. Екі матч та 19 маусымда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;