русский язык
ММА

Танымал қазақстандық актердің келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен қарсыласы анықталды

Танымал қазақстандық актердің келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Еуразиялық жекпе-жек лигасы танымал қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтардың келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады Prosports.kz

Алматы жанкүйерлердің сүйіктісі 19 шілдеде өтетін OCTAGON 60 мерейтойлық ивентінде өнер көрсетеді. Қазақстандық файтердің қарсыласы қырғызстандық поп-ММА жұлдызы Эльчибек «17 кг» Абдувалиев болады.

Еске салайық, 23 маусымда Алматыда OCTAGON 59 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық Сардор Худойбердиев (7-2) жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Сондай-ақ, жекпе-жек кеші аясында аралық салмақта өзбекстандық Шохасан Мирзаматов (12-3) танымал қазақстандық файтер Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.

Аса жеңіл салмақ дәрежесінде чемпион, титулға басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) торда «Қазақ Сехудосын» жеңген бразилиялық Клаудесси Бритоға (9-3) қарсы жекпе-жек өткізеді.

OCTAGON 59 турнирі билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;