русский язык
Басқа

Бас бапкер гимнастардың Олимпиадаға дейінгі жоспарларын айтты

Бас бапкер гимнастардың Олимпиадаға дейінгі жоспарларын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер командасы Францияда оқу-жаттығу жиынын бастайды. Бұл туралы құраманың бас бапкері Александр Ким мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.

Бүгіннен бастап гимнастаар Францияның Труа қаласындағы жаттығу жиынына қатысады.

«Франциядағы жиын 15-30 маусым аралығында өтеді. Бұл жаттығу кезеңіне Милад Карими, Нариман Курбанов және Ілияс Азизов қатысады. Курбанов бапкерімен бірге Прагада 15 күндік жаттығу жиынына қатысқанын айта кету керек.

30 маусымда Труа қаласында Еуропа елдері арасындағы командалық жарыс өтеді. Сол сынға біздің гимнастар да қатысып, өз мүмкіндіктерін сынап көреді. Олимпиадаға дайындығын бір тексеріп алады десем, артық емес.

1-7 шілде күндері команда Алматыда жаттығады да, 8 шілдеден бастап қайтадан Францияны бетке алады. 24 шілдеге дейін тағы бір жиын өтеді. Содан соң, 27 шілдеде біздің спорт түрінен Олимпиада ойындары басталады», - дейді бас бапкер Александр Ким.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасында Қазақстан сапынан екі гимнаст сынға түседі. Милад Карими көпсайыста, Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядында бақ сынайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;