русский язык
Футбол

Әліптің клубы талантты қақпашыны қатарына қосты

Әліптің клубы талантты қақпашыны қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Балтика» қақпашысы Евгений Латышонок «Зенитке» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

25 жастағы ойыншы Петербургтік клубпен «4+1» бойынша келісімшартқа отырды.

«Зенит» қақпашыны Санкт-Петербургте қарсы алып, команда сапында жаңа белестерді бағындыруын тілейді! Қош келдіңіз!» – делінген клуб жазған мәлімдемеде.

Латышонок «Балтика» сапында 2019 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Өткен маусымда ол калининградтықтардың сапында барлық турнирлерде 34 матч өткізіп, 44 гол жіберіп алды.

«Балтика» 2023/24 маусымында РПЛ-да соңғы орынға ие болды және плей-офф қорытындысы бойынша бірінші лигаға түсіп қалды. «Зенит» қатарынан алтыншы рет Ресей чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;