русский язык
Басқа

Семсерлесуден Қазақстан командасы бірлескен жаттығу жиынын өткізуде

Семсерлесуден Қазақстан командасы бірлескен жаттығу жиынын өткізуде
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда семсерлесуден Қазақстан, Қырғызстан және Гонконг командаларының қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жиынға қарудың үш түрінен (шпага, рапира, сабля) құрама командалар қатысуда. Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты - спортшылардың Азия чемпионаты қарсаңындағы дайындығын күшейту және спарринг сапасын арттыру.

Айта кетелік, семсерлесуден Азия чемпионаты 22 маусым күні Кувейтте басталады. Бұл Олимпиада қарсаңындағы маңызды жарыстардың бірі.

Париж Олимпиадасында семсерлесу спортынан бес қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Олар:

Айгерім Сарыбай (сабля, әйелдер);

Ерлік Сертай (шпага, ерлер);

Руслан Курбанов (шпага, ерлер);

Вадим Шарлаимов (шпага, ерлер);

Эльмир Алимжанов (шпага, ерлер).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;