Бокстан жасөспірімдер құрамасы Түркістан облысында жаттығу жиынын аяқтады
![Бокстан жасөспірімдер құрамасы Түркістан облысында жаттығу жиынын аяқтады](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201131_357e47e8428c6be85207c2f8de6e581e.png?v=28667304)
Бокстан кіші жасөспірімдер құрамасы Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп жазады Olympic.kz.
Аталмыш жас дәрежесінде салмақтардың өзгеруіне байланысты 5-9 шілде күндері Алматыда қосымша іріктеу турнирі өтеді. Осы жарыстың қорытындысы бойынша жаңа құрам жасақталады.
Команда 6-20 тамыз аралығында Алматы облысындағы Республикалық олимпиадалық даярлық орталығында қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Бұл жұмыстың барлығы Азия чемпионатына бағытталған. Тамыз айында жасөспірімдер Абу-Дабидегі (БАӘ) құрлықтық біріншілікке қатысады.
Бокстан Қазақстан кіші жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы - Жақсылық Молдаханов.