АҚШ-тағы қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың жекпе-жегіне болжам жасады
![АҚШ-тағы қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың жекпе-жегіне болжам жасады](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201131_115ff22c5ad291158c190338b937103a.png?v=28667353)
Ұзақ уақыттан бері АҚШ-та өмір сүріп жатқан қазақстандық файтер Николай Веретенников Prosports.kz сайтына Асу Алмабаевтың алдағы жекпе-жегі туралы пікірін айтты.
«Білесіз бе, қарсыласының бірде-бір жекпе-жегін көрмедім. Бірдеңе айту қиын. Бұл айқаста Асу жеңіске жетеді деп сенемін! Асу - шебер жігіт екенін белгілі. Жалпы, болжам айтуды ұнатпаймын. Бәрін Ринг көрсетеді», - деді файтер.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегі алдында дайындық лагерінен өту үшін АҚШ-қа аттанды.
Қазақстандық файтердің келесі қарсыласы америкалық Хосе Джонсон болмақ. Оның кәсіпқой ММА-дағы рекорды 16-8. Аралас жекпе-жек шеберлері 15 маусым АҚШ-та UFC Vegas 93 турнирінде кездеседі.