русский язык
ММА

Артем Резниковтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Артем Резниковтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы танымал қазақстандық файтер Артем Резников Instagram желісіндегі парақшасында келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл өмірде сенің қалай құлағаның маңызды емес. Сенің қалай көтерілгенің маңызды. 28 маусым, Сочи», - деп жазды, Резников. Сонымен қатар оның жекпе-жек сәттерінің видеосын жариялады.

Қазақстандық файтердің қарсыласы ресейлік Мухамед Коков (19-9) болады.

Айта кетейік, кейінгі екі жекпе-жекте Резников Эдуард Вартанян мен Али Баговтан жеңілді, ал Мухамедті AСA промоутерлік чемпионы Абдул-Азиз Абдулвахабов жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;