русский язык

Әзербайжан — Қазақстан жолдастық кездесуінің тікелей трансляциясы

Әзербайжан — Қазақстан жолдастық кездесуінің тікелей трансляциясы

Бүгін, 11 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында өтеді.

Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Және оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Қазақстандық футболшылар үшін бұл маусымдағы екінші жолдастық кездесу. 7-і күні ұлттық құрама Армениямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, құраманы бұл кездесулерге ұлттық құраманың бас бапкерінің көмекшісі Руслан Балтиев дайындап жатыр, өйткені ұлттық құраманың жаңа бапкері Станислав Черчесов жолдастық кездесулер аяқталған соң жұмысқа кіріседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;