русский язык
Әлем футболы

Румыния құрамасы Еуропа чемпионатына қатысатын нақты құрамын жариялады

Румыния құрамасы Еуропа чемпионатына қатысатын нақты құрамын жариялады

Футболдан Румыния құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың соңғы құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімге 26 ойыншы енді.

Қақпашылар: Хорациу Молдован («Атлетико»), Флорин Ницэ («Газиантеп»), Штефан Тырновану (ФКСБ).

Қорғаушылар: Никушор Банку («Университатя»), Андрей Буркэ («Аль-Охдуд»), Раду Дрэгушин («Тоттенхэм»), Василе Могош (ЧФР), Йонуц Неделчару («Палермо»), Богдан Раковицан («Ракув»), Андрей Рацю («Райо Вальекано»), Адриан Рус («Пафос»).

Жартылай қорғаушылар: Александру Чикылдэу («Коньяспор»), Янис Хаджи («Алавес»), Мариус Марин («Пиза»), Рэзван Марин («Эмполи»), Дариус Олару (ФКСБ), Деян Сореску («Газиантеп»), Николае Станчу («Дамак»), Адриан Шут (ФКСБ).

Шабуылдаушылар: Денис Алибек («Муайтер»), Даниэл Бырлиджа (ЧФР), Флоринел Коман (ФКСБ), Денис Дрэгуш («Газиантеп»), Деннис Ман («Парма»), Валентин Михэйлэ («Парма»), Джордже Пушкаш («Бари»).

Румыния құрамасы Бельгия, Украина және Словакиямен бір топқа түсті. Еуро-2024 Германияда 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;