Нидерланды шабандозы Канада Гран-приінде жеңіске жетті
![Нидерланды шабандозы Канада Гран-приінде жеңіске жетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/201736_f59485e1ce3f383fdb6a25ed32cab082.webp?v=28668518)
Ред Булл командасының нидерландылық шабандозы Макс Ферстаппен Формула 1 Канада Гран-приінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс жексенбі, 9 маусымда Монреальдағы Жиль Вильневте өтті. Британиялық McLaren шабандозы Ландо Норрис мәреге екінші келді. Үздік үштікті Mercedes шабандозы канадалық Джордж Рассел түйіндеді.
Ферстаппен маусымдағы алтыншы және мансабындағы 60-жеңісіне қол жеткізді. Ол қазіргі «Формулы-1»чемпионы. Оның әлем чемпионатында барлығы үш жеңісі бар.
Айта кетейік, Формула-1-дің келесі кезеңі Барселонада (Испания) 21-23 маусым аралығында өтеді.